Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған сапары барысында Саратов қаласының Ислам орталығында болды. Орталықтың жұмысымен танысып, жамағатпен жүздесті. Жергілікті қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.
Ресей мүфтилер Кеңесінің тең төрағасы, Саратов облыстық мұсылмандар діни басқармасының жетекшісі Муқаддас Бибарсов Бас мүфти бастаған қазақстандық делегацияға Ислам орталығы жанындағы Құран оқу курсы, әйел-қыздармен жұмыс бөлімі, сауат ашу курсы, т.б. бөлім жұмыстарымен таныстырды.
Серікбай қажы Сатыбалдыұлы орталық қызметкерлерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтаған Бас мүфти:
Кездесу соңында дін қайраткерлері тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асыруға уағдаласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.05.2018
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру