Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ МӘСКЕУДЕ ТАНЫМАЛ ТЕОЛОГТАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 28.05.2018 3968 0 пікір
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ МӘСКЕУДЕ ТАНЫМАЛ ТЕОЛОГТАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Мәскеу мемориалдық мешітінде Ресей мүфтиінің бірінші орынбасары Рушан қажы Аббясовпен, аталған мешіттің имамы, белгілі теолог Шәміл Аляутдиновпен сұхбаттасты.

Ғалымдар әлемдегі діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігі, діни ғылыми жаңалықтар, жас буынның исламға құштарлығы, т.б. тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Ш.Аляутдинов ҚМДБ делегациясын мешіт тынысымен таныстырып, ғылыми бағыттағы жобаларымен бөлісті.

Кездесу соңында Бас мүфти Ресейдегі дін қызметкерлеріне батасын беріп, жұмысына береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру