Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласындағы «Рамазан шатыры» кешенінде өткен ауызашар рәсіміне қатысты. Қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар дастарханына Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Рушан қажы Аббясов, Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шәміл Аляутдинов, қазақ жастары қатысты.
Рухани кеште сөз алған Бас мүфти жиналған жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтап, оразаның қадірі мен маңызы жайлы уағыз айтты.
Ауызашар дастарханында күй тартылып, ғибаратты әндер шырқалды. Қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпы насихатталды.
Кеш соңында Бас мүфти Құран оқып, елдің игілігі үшін дұға етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
28.05.2018
4322
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру