Нұр-Мүбарак университетіне айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанда, күндердің сұлтаны қасиетті жұмада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзалар арнайы ат басын тіреді. Жақында ғана тағайындалған министрдің Нұр-Мүбарак университетіне алғаш келуі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев, университет ректоры, профессор Жуда Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім арнайы күтіп алып, университет жайлы жалпы ақпарат берді. Жыл сайын талапкерлер көбейіп келе жатқандықтан әрі жақында ғана толықтырулар мен өзгертулер енгізілген дін туралы жаңа заңға сәйкес жастарды бакалавриат деңгейінде өз елімізде оқыту талаптарының күшеюіне орай университетке қосымша оқу ғимараттары, жатақхана салу өзектілігін айтып, жасалған жобалармен таныстырды.
Министр Дархан Калетаев:
Университет ғимаратымен танысып, жабық есік жағдайында университет ректоры Жуда Басюни мырзамен Мысыр мен Қазақстан елдеріне ортақ Қамқорлар кеңесінің жұмыстарына қатысты мәселелерге тоқталды.
Оқу кешенімен танысқан соң министр мен қала әкімін Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шохаев пен Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай мырзалар күтіп алып, университетпен етене оқу-әдістемелік мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Елімізде ғана емес Орта Азия бойынша әлеуеті жоғары ислами жоғары оқу орнының тіршілігімен танысқан министр Дархан Калетаев университеттің даму стратегиясына барынша мүдделілік танытанынын аңғартты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
25.05.2018
3967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру