Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 21.05.2018 4407 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы облысына ресми іс-сапармен барды. Сапар аясында ҚМДБ төрағасы Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті. Мешіт жұмысымен танысып, дін қызметкерлеріне жиналыс өткізді.

Бас мүфти аудандық мешітте өтіп жатқан тарауық намазына қатысып, Алла үйіне жиналған мұсылман қауымға рамазанның қадірі мен қасиеті жайлы уағыз айтты.

Дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталған Серікбай қажы Ораз:

«Жарапазан жырының шығу тегін исламмен байланыстыратын нанымды ой-тұжырымды ілкіде Алаш арыстары өз зерттеулеріне арқау етті. Себебі, жарапазан айту жоралғысы ең алдымен мұсылман үмбеті ауыз бекітіп, ораза тұтатын қасиетті Рамазан айында орындалады. Ал, Рамазанда ауыз бекіту үрдісінің халықтың діни тәжірибесінде Ислам дінінің таралуымен пайда болғанына ешкім дау айта алмайды. Бұл жөнінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Жарапазан – рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады» деп ой қорытқан болатын», – деді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру