Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

VІІ республикалық Құран байқауына шақырамыз

www.muftyat.kz 24.04.2018 4515 0 пікір
VІІ республикалық Құран байқауына шақырамыз

Ертең сәуірдің 25-і күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармысының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтеді.

Басталуы сағат: 9:00-де. Үміткерлер Құран жарысында 4 номинация (толық Құранды, 20 параны, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқу) бойынша бақ сынайды.

Республикалық деңгейдегі байқауға Қазақстанның 17 өңірінен іріктеу жарыстарында өз номинациялары бойынша жүлделі І орынды иеленген 4 қаридан 70-ке жуық үміткерлер қатысатын болады.

Ал, 26 сәуір күні сағат 10:00-13:00 аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жеңімпаз қариларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізіледі. Аталған шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет қатысады деп жоспарлануда.

Толық Құранды жатқа оқудан бас жүлдені иеленген жеңімпазға Жеңіл автокөлік берілетін болады. Басқа да жеңімпаздарға қомақты көлемде қаржылай сыйақылар беріледі.

Қасиетті Құран бәйгесінің сауапқа толы шарасына Сіз де келіп қатысып, атсалысыңыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру