Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Кездесуде тараптар еліміздегі дінаралық татулық, ұлтаралық бірлік, қазіргі діни ахуал туралы ой бөлісті. Сондай-ақ дін өкілдері дәстүрлі діндерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық шараларын сөз етті. Сонымен қатар жастарды нашақорлықтан, араққұмарлықтан, жалпы жаман әдеттерден, лаңкестік әрекеттерден құтқаруда діннің қуатты күші мен рөлі әңгімеге арқау болды. Екіжақты кездесуде осы бағытта бірлесіп қызмет ету туралы уағдаластық жасалды.
Дін қайраткерлері еліміздің басты жетістігі ретінде халықтар достығы мен дінаралық татулық екенін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
24.04.2018
3606
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру