Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Талғат Омаров ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қорының директоры болып тағайындалды.
Алматы қаласында өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Талғат Омаровтың Қызылорда облысының өкіл имамы қызметін атқарған кезеңде жүзеге асырған игі жұмыстарына оң баға беріп, жаңа лауазымды қызметіне сәттілік тіледі.
Бас мүфти осыған дейін «Зекет» корпоративтік қорының директоры болған Әлішер Спановқа алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Қазақы дәстүрге сай, иығына шапан жапты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
17.04.2018
6216
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру