Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ШЕТПЕДЕ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙДА БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 09.04.2018 4056 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ШЕТПЕДЕ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙДА БОЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе елді мекенінде Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражай жұмысымен танысты.

Мұражайда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың таным-түсінігінен хабар беретін бейнелер қойылған. Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін дүниелер де мұражайдан орын алған екен.

Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ислам тарихы мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін арнайы мұражай-көрме ашылатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру