Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында орталық мешітте ақшам намазынан кейін уағыз айтты.
Мешіт жамағатқа лық толды. Уағызға жиналған қауым Бас мүфтидің «Бүгінгі мұсылманның жауапкершілігі» туралы уағызын тыңдады.
«Намаз – мұсылманға үлкен жауапкершілік жүктейтін құлшылық. Қоғам намаз оқитын адамнан жақсылық пен ізгілікті көбірек күтеді. Сіз бен біз осы жауапкершілікті терең сезіне білуіміз керек. Көркем мінез – мұсылманның көркі. Біз жақсы мінезімізбен қоғамды ізгілікке тәрбиелеуіміз керек. Әрбір мұсылман адам намаз оқығаннан кейін айналасындағы адамдарға шуағын шашып, оларға үлгі болса қоғамға ізеттілік пен ізгілік жайылады. Сондықтан, мұсылмандық міндетімізге адал болсақ, елімізде имандылықтың құндылықтары көбірек таралады», – деді Серікбай қажы Ораз.






Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру