Бүгін ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан қажылық компанияларының жетекшілерімен жиналыс өткізді.
Жиынға Бас мүфтидің кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитеті, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының Бас сарапшысы Бахытжан Дүйсебаев, ҚМДБ Қажылық Қоры мен «Тауаф Тревел» қажылық фирмасының директоры Айдар Салқынбаев және қажылық компанияларының басшылары қатысты.
Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен 2018 жылдың Қажылық маусымын ұйымдастыру үшін Қажылық Миссиясының құрамы бекіп, Миссия төрағалығы Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмаханға жүктелген болатын. Осыған орай, Миссия төрағасы қажылықты ұйымдастырушы фирмалар арасында сұхбаттасу конкурсын өткізіп, нәтижесінде 18 туристік фирманың қажылық квоталарын алғандығын хабарлады.
Сонымен қатар, жиында осы жылғы қажылыққа дайындық жұмыстары пысықталды. Атап айтқанда, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру барысында қазақстандық қажыларды біріңғай киіндіру, қажыларды бір аймақтағы қонақ үйлерге шоғырландыру секілді т.б. жаңа талаптар фирма басшыларына таныстырылды. Қажылық фирмалары ҚМДБ-ның бұл талаптарын бірауыздан қолдап, талапты орындауға дайын екендіктерін жеткізді.
Наиб мүфти жиналыс барысында қажылықтың сауапты әрі жауапты жұмыс екенін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
05.04.2018
4366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру