Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АҚТАУДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ҺӘМ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.04.2018 3831 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚТАУДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ҺӘМ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, түрлі саладағы мекеме жетекшілерімен жүздесті. Келелі кездесуді облыс әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов жүргізді.

Мақсат Нұрлыбекұлы Бас мүфтидің Маңғыстауға келген сапарының маңыздылығына тоқталып, алғашқы сөзді Серікбай қажы Сатыбалдыұлына құрметпен ұсынды.  

«Қадірлі ағаларым мен апаларым, бауырлар, замандастар! Біз қазір ақпарат пен техниканың жедел дамыған дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Дәл осы сәттегі жаңалық бірер уақыттан кейін аса маңызды болмай қалатын жағдайға жеттік. Әлеуметтік желідегі ақпараттардың ағынына телмірген жастарымыз кейде өзінің қоғам алдындағы негізгі міндеті мен асыл борышын ұмытып қалуда. Біз тізе қосып қоғамда көрініс тапқан осындай дертпен күресуіміз керек. Өйткені, олардың болашағына осы отырған сіз бен біз жауаптымыз», – деді ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Кездесу кезінде облыстағы діни ахуал туралы сөз болып, өскелең ұрпақтың санасына дәстүрлі құндылықтарды ұдайы сіңіру мәселесі әңгіме өзегіне айналды. Осы мақсатпен жарық көрген діни қайраткер Ермұхаммед (Ержан) хазірет Төлегенұлының «Өсиетнама» кітабының тұсауы кесілді

Бас мүфти өзінің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты. Кездесу соңы белгілі сазгер Жәкен Омаровтың орындауындағы Майлықожаның термесіне ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру