Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ  (ФОТО)

www.muftyat.kz 03.04.2018 6448 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ  (ФОТО)

 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық елді-мекенінде «Төлей ишан» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

Игі шарада сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов өңірге ресми сапармен келген мүфтидің қадамын жақсылыққа балап, ізгі ниеті мен ілтипатын жеткізді.

«Қадірлі ағайын, мешітіміздің ашылу салтанатына мүфти-хазіретіміздің өзі қатысып отыр. Бұл – үлкен жетістік, орайы келген тарихи сәт», – деді Мақсат Нұрлыбекұлы.
Ашылу салтанатында алғашқы сөзді бастаған Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы: «Қадірменді ақсақалдар, апа-әжелер, біз талай нәубетті заманды бастан кешкен халықпыз. Сыныққа мойымай, қаймықпай келген қайсар ұлтпыз. Міне, бүгін тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жиып, дініміз бен ділімізді өркендетіп жатырмыз. Аллаға шүкір, мешіттеріміз ашылуда. Мұнайлы өлкеде осымен 32-ші Алланың үйі есігін айқара ашты. Құтты болсын!» – деді Бас мүфти.  

500 адамға арналған Алла үйіне ағартушы, дін жанашыры болған «Төлей ишан» аты берілді.

Бас мүфти бұйрығымен Үсенов Ғабит Әбдіғаппарұлы жаңа мешітке бас имам болып тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру