Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Өзбекстанға барды.
Сапар аясында Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Осман қажы Алимовпен кездесті. Ресми қабылдауда бауырлас елдердің мүфтилері Қазақстан мен Өзбекстан арасында бұрыннан қалыптасқан рухани-мәдени саладағы байланыстар туралы пікір алмасты.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланғанын, ағайынды қазақ-өзбек халықтарының арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Өз кезегінде Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Осман қажы Алимов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рухани байланыс, барыс-келіс соңғы жылдары жанданып келе жатқанын, бүгінгі басқосу екі елдің діни саладағы қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.
Кездесу соңында екі елдің мүфтилері ортақ келісім аясында өзара ықпалдасып, қызмет етуге уағдаласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
24.03.2018
6082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру