Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МҮФТИЯТ» СӨЗІНІҢ ӘЛДЕБІР КИЕСІ МЕН ҚАСИЕТІ БАР – ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.03.2018 4295 0 пікір
«МҮФТИЯТ» СӨЗІНІҢ ӘЛДЕБІР КИЕСІ МЕН ҚАСИЕТІ БАР – ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ

Елімізге белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының 5-6 шақырылым депутаты Жабал Ерғалиев мүфтияттың жаңа атауына байланысты пікір білдірді.

«Қазақстан мұсылмандарының мүфтияты деген атау әлдеқайда салиқалы естіледі. Расында да «басқарма» деген тым ресми және жеңіл қабылданады екен. Мүфтият деген ұғым ең әуелі дініміздің, одан қалды осы «басқарманың» қызметін салмақтандырып, оған деген жауапкершілікті арттырар бір тылсым күші барлығын сезіндіреді. Мүфтият сөзінің әлдебір киесі мен қасиеті барын да айтар едім. Елімізде толып жатқан «басқармалардан» да жеке дара аталар «мүфтият» атауы мемлекеттің де, жалпы халықтың да, барлық қоғамның да дінімізге барынша салиқалы көзқараста болуын және зор құрметпен қарауына да, санасуларына да оң әсер етпек.
Сонымен қатар, мұсылман әлемімен байланыс жасап, орнықтыруда рөлі арта түспек. Биыл алда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтетіндігін ескерсек, мүфтияттың жаңа атауы елімізде Ислам дінінің абыройы мен беделінің арта түсуіне оң ықпал етеді деп есептеймін», – дейді Жабал Ерғалиев.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру