Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз жұма намазында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Әдет-ғұрыптың шариғаттағы орны» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыздан кейін мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, жаңа қызметте табыс тіледі.
Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы уақытқа дейін өкіл имам қызметін атқарған Нариман Исеновты арнайы алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жапты. Нариман Ермекұлын ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалғандығын жеткізді.
Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, 1975 жылы туған.
2003 жылы Мысыр Республикасы, Каир қаласы, Әл-Азһар ислам университетін бітірген.
2016 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдаған.
2017 жылдан бастап Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Phd докторанты.
Қызмет жолын 2004-2009 ж.ж Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы ретінде бастады.
2009–2011 ж.ж ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы және «Әбу Бакр Сыддық» медресесінің директоры.
2012-2014 ж.ж С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіндегі «Этнос және конфессияаралық үрдістер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында кіші ғылыми қызметкер.
2013-2017 ж.ж қосалқы түрде Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық талдау және дамыту» орталығында теолог.
2013-2017 ж.ж Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы.
2017 жылы қырқүйек айынан бастап Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы.
2018 жылдың 16 наурызынан бастап ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Орыс, араб, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді , ағылшын, тәжік тілдерін де меңгерген.
Үйленген, 2 ұл 2 қызы бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
16.03.2018
6820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру