Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти: Медресе-колледждердегі білім сапасы артады (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.03.2018 3661 0 пікір
Наиб мүфти: Медресе-колледждердегі білім сапасы артады (ФОТО)

Еліміздегі 9 медресе-колледждің басшыларына Нұр-Мүбарак университетінде өткен республкиалық олимпиададан соң, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб-мүфти Алау Әділбаев арнайы басқосу өткізді. Негізгі мақсат – оқу жоспарларын жүйелеп, білім бағдарламаларын бір стандартқа бекіту.

ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Гүлбану Аңсабаева білім саласындағы қажетті құжаттарға тоқталды. Себебі осы оқу жылынан бастап әрі медреселердің соңғы жылдары алған колледждік жаңа статустарына сай, исламтану мамандығы бойынша оқу жоспары өзектендірілді. Алдағы 2018 жыл қыркүйегінен бастап әрбір оқу ордасы жаңа типтік оқу жоспары бойынша жұмыс бастамақ. Ол оқу үдерісінде білім берудің модульді жүйесі негізінде компетенттік негізге сүйенген артықшылықтарға мән берілмек. Яғни, исламтану мамандығы араб тілімен тығыз байланысты болғандықтан шет тілдеріне қатысты сағаттарда араб тіліне басымдық беруді талап етеді. Осыған байланысты қосымша талаптарды ескеру туындауда.

Сондай-ақ, медресе-колледждерде білім алу 3 жылға жоспарланса, қандайда бір жағдаймен бір, екі жылмен шектелетін шәкірттерге әрбір оқыған жылға қатысты білімін растайтын белгіленген немесе жоғарыланған біліктілік кәсібін растайтын жұмысшы-сертификат құжаты берілмек. Мәселен, егер бір жыл ғана оқыған болса, оған «азаншы», екінші курстан шықса, «молда» деген біліктілігі бойынша сертификат беріледі. Толық аяқтаса, әлбетте «исламтану» мамандығы бойынша кәсіптік диплом берілмек. 

Медресе-колледждердегі біліктілікті арттырып, білім стандарттарын бірізділікке түсіру үшін наиб-мүфти Алау Шайқымұлы оқу-әдістемелік кеңес құрылатынын жеткізді. Бұл әрбір білім шаңырағының мүмкіндіктерін зерттей келе, қандай оқулықтар қажет, әр медресенің салалық-пәндік мүмкіндігін анықтап, оқу-әдістемелерін жасау. Әр пәнге байланысты біліктілігі жоғары ұстаздары бар медреселер негізгі орталық болып қалады. Оған әрбір оқу орын басшылары жауапты болып тағайындалды.

Осындай маңызды мәселелерді талқылаған басқосу нәтижесі еліміздегі 9 медресе-колледждердегі шәкірттердің білімін бір деңгейде дамытуға жол ашады деген үмітті арттырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру