Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ – ҚҰПТАРЛЫҚ БАСТАМА – ҚОҒАМДЫҚ САРАПШЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.03.2018 5867 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ – ҚҰПТАРЛЫҚ БАСТАМА – ҚОҒАМДЫҚ САРАПШЫ (ФОТО)

Белгілі саясаттанушы, қоғамдық сарапшы Айдос Сарым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атауын өзгерту туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді.

«Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Қазақстан мұсылмандарының мүфтияты деп қайта атап, тіркеуден өткізу керек деген əңгімені естідік. Құптарлық ұсыныс!
Себебі, Діни басқарма дегеніміз кезінде имперлік Ресейдің бұратана халықтарды басқару үшін ойлап тапқан термині мен институты. Кейін мұны сталиндік Ресей айна-қатесіз қайталап, өз мүддесіне пайдаланды.
Мұсылмандық шаруасында да отарсыздану үрдісі жүргізілуі тиіс! 
Сол себепті, басқа да ислам елдері сияқты мүфтият деп қайта құрылғанымыз абзал! Солай болғай! Қолдайық!» – деген пікірін білдірді Айдос Сарым.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру