Еуразия кеңістігіндегі мұсылман ғұламаларының Астана төрінде басын қосқан алқалы жиын секциялық отырыспен жалғасты. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Шайқымұлы жетекшілік еткен секциялық отырыс «Мұсылман қауымдастығы және жаһандану үдерісі» атты тақырып аясында өтті.
Секция отырысында шетелдік мүфтилер мен еліміздің діни қайраткерлері Ислам дінінің игілігін паш ететін тағылымды баяндамалар жасап, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, отырыс барысында Латвия Республикасы «Марджани» мұсылман қауымдастығының төрағасы Зуфар Заинуллин, Украина Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ахмед Тамим, Румыния мүфтиі Мұрат Юсуф, Моңғолия мүфтиі Хадис Батырбек, Эстония мұсылмандарының басшысы, мүфти Ильдар Мұхамедшин, Венгрия мұсылман қауымдастығының президенті Болек Золтан Роберт, Польша мұсылмандары діни кеңесінің мүшесі Якубовски Мачей Стефан, Доктор Ахмед Смайловичтің атындағы Ислам жоғары мектебінің директоры, Хорватия мүфтиінің орынбасары Арслани Мевлудилер өз мемлекеттеріндегі Ислам дінінің ахуалы жайында сөз қозғап, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, еліміздің діни қайраткері Қ.А.Йассауи атындағы Қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, ф.т.ғ. докторы Досай Кенжетайұлының баяндамасы өзектілігімен ерекшеленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
02.03.2018
4428
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру