Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» метішінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 23.02.2018 4324 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет Қызылорда облысында болып, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Сыр жамағатына «Исламдағы көркем мінез» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти: «Көркем мінез – адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі»  деді.

Сондай-ақ, қасиетті Сыр топырағына келгенін қуанышпен жеткізіп, жұма намазына қатысушы жамағатқа батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру