Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Өнер қырандары» театры ұжымын қабылдады.
«Өнер қырандары» театр ұжымы Серікбай қажы Сатыбалдыұлын Бас мүфти болып сайлануымен құттықтап, жоғары лауазымды қызметіне сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Бас мүфти театр имандылық пен ұлтымыздың асыл құндылықтарын насихаттап жүргені жайында әңгіме өрбітті. «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев Бас мүфтиге алғысын айтып, театр жұмысы жайлы және алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз театр ұжымына ислам дінінің қазақ даласына дәнегі егілгеннен бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тарту етті.
Өз кезегінде «Өнер қырандары» театры ұжымы атынан Бас мүфтидің иығына шапан жауып құрмет көрсетті.
Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
21.02.2018
5336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру