Бүгін, қасиетті жұма намазына жиналған жамағат алдында жақында ғана Алматы қаласының Бас имамы болып тағайындалған Еркінбек Шоқай жұма уағызын айтып, бес жылға жуық бас имам қызметін атқарған Нұржан Дарқұловты Діни басқарманың «Асыл арна» телеарнасындағы өкілі, әрі шариғи редакторлық қызметін жалғастыратынын мәлімдеді.
Бас имам Еркінбек Шоқай өзіне жүктелген жауапты да сауапты міндетті жауапкершілікпен атқарған Нұржан Дарқұловты еңбектеріне ерекше тоқталып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Ал, мешіт жамағаты дінге жасаған қызметіне ерекше алғыс білдіріп, көлік кілтін табыстады.
Сондай-ақ, Алматы қаласының бас имамы жұма намазына жиналған жамағатқа, «Таугүл-3» мешітінің Бас имамы жəне Діни басқарманың Нұр Мүбəрак университетіндегі өкілі болып тағайындалған Камалжан Тұрдыбаевты таныстырып өтті. 2013 жылдан бастап ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еңбектерін айта келіп, Камалжан Тұрдыбаевтың жаңа қызметіне табыс тілеп, ізгі тілегін жеткізді.
Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы 1977 жылы ШҚО Үржар ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектеп бітіріп сол жылы медресеге түсіп 1996 жылы бітірді.
Бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлының бұйрығымен Ресеймен шекаралас ШҚО Бородулиха ауданына қарасты Каростели ауылына имам болып тағайындалды.
1997 жылдан бастап Семей қаласының «Тыныбай» мешітіне наиб имам болып ұзақ уақыттық қызметінен соң. Бас мүфти Əбсаттар қажы Дербісәлі бұйрығымен Семей қаласында орналасқан «Қос мұнаралы» орталық мешітінің имамы қызметін уақытша атқарды.
2004 жылы Бас мүфти бұйрығымен қалалық Тыныбай мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2011 жылдың күзінен бастап, облыстық «Қос мұнаралы» орталық мешітінде облыс имамының орынбасары болды.
Сондай-ақ, 2004 жылы Алматы қаласындағы ислам институтын, 2008 жылы Пакистан ислам республикасындағы Дағуа академиясын, 2010 жылы Түркияның Бурса қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру оқу орындарында білімін алып, біліктілігін арттырған.
2013 жылдан бастап Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни баскармасының «Діни істер және талдау» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің сенім артуымен бүгінгі күннен бастап «Таугул-3» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Жоғары білімі: Семей мемлекеттік педогогикалық институтының құқық жəне экономика мамандығы бойынша бітірген. Педогогика жəне психология, жəне дінтану ғылымы бойынша екі бірдей магистрлік дəрежесі бар. Діни басқарма саласында имамдардың электронды аттестациялау жобасын енгізіп, игі бастамалардың негізін қалады.
Отбасы: Бес баласы бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
16.02.2018
6376
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру