Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан - 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының төрағасы Махмұт Хаққы Сезер мырзаны қабылдады.
Қор төрағасы ресми қабылдауға уақыт бөлген Бас мүфтиге айрықша алғысын жеткізді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия діні бір, түбі бір бауырлас ел екендігі сөз болды. Делегация жетекшісі Қазақ Елінде Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жатқан қордың жұмыстарына тоқталды. Еліміздегі бірнеше медресе мен имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының жүйелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.
ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтияттың сапалы діни кадр даярлау жұмыстарына үлес қосып келе жатқан «Қазақстан - 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының ұжымына жылы лебізін білдірді.
Кездесу соңында тараптар діни-рухани бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жайлы уағдаластыққа қол жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
06.02.2018
4655
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру