Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ "ƏЛ САҚР ФИНАНС" ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

muftyat.kz 25.01.2018 5900 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ "ƏЛ САҚР ФИНАНС" ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшелері "Əл Сақр Финанс" АҚ исламдық қаржылық компаниясының жұмыс бағдарламасымен танысты.

Шариғат шеңберінде қызмет көрсететін компания жұмысымен Корпоративті даму басқармасының директоры Думан Нұрбаев таныстырды.
Компания Қазақстан нарығындағы беделді, жоғары білікті басқару командасы жəне дамыған инфрақұрылымы бар алғашқы (17 жылдан астам) лизингтік қаржы ұйымы болып табылады. 
Əл Сақр Финанс" АҚ миссиясы - шариғат қағидаларына сәйкес, инновациялық жоғары сапалы қаржы қызметтерін көрсету. Ол ТМД нарығында қызмет көрсететін жетекші исламдық қаржылық компания. 
Қызметтің стратегиялық бағыттарына Ислам ипотекасы, соңынан сатып алу шарты бойынша жалға алу, Ислам төлем картасы, тұрмыстық техника, исламдық автонесие, т.б кірген.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру