Бүгін, жұма намазында еліміздің барлық мешіттерінде төтенше жағдай нәтижесінде өмірден озған өзбек ағайындарға арнайы дұға жасалады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысындағы жолаушылар көлігінің өртеніп кетуі салдарынан орын алған төтенше жағдай нәтижесінде өмірден озған бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, Өзбекстан мұсылмандарына хат жолдады.
Сонымен қатар, Бас Мүфти Серікбай Ораз еліміздің барлық имамдарына бүгінгі жұма намазында қаза болған өзбек ағайындардың рухына дұға бағыштауды сұрап, жедел хат жолдады.
Осы аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласынан Қазан қаласына жол тартқан жолаушылар көлігі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өртке оранып, 52 Өзекбастандық азамат қаза болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
19.01.2018
8135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру