Алматы орталық мешітінде ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау Әділбаев дәріс жүргізді. Мәуліт қарсаңындағы бұл дәріс әлемдерге рақым ретінде жіберілген Мұхаммед Мұстафа жайлы болды. Ислам дінін, Құранды ұғынуда Пайғамбардың рөлінің маңыздылығына жіті мән берген наиб мүфти жамағатты Пайғамбар өмірін үйренуге шақырды. Сонымен қатар ардақты пайғамбарымыздың Таурат пен Інжілдегі белгілері жайлы сөз қозғап: «Құранға дейін түскен қасиетті Таурат, Забур, Інжіл кітаптарынан адамдар тарапынан қанша бұрмаланып өзгертілсе де, олардың бетінен соңғы пайғамбардың келетіндігі жайлы ашық немесе тұспалды аяттарды кездестіруге болады.
Барша пайғамбарлар өз міндеттерін толық атқарып, өздерінен кейін ең соңғы пайғамбардың келетін хабарын білдіріп, сүйіншілеп кеткен. Алла Тағала пайғамбарлардың барлығына осы сүйіншіленген соңғы пайғамбарға иман келтіріп, жәрдем етуді бұйырды. Ол жайлы Әли Имран сүресінің 81-аятында:
Сөз соңында Исламның ақиқатына көз жеткізіп, иман келтірген өзге діндердің дінбасыларынан өрнектер берді.
Алла Тағала адам баласын басқа жаратылыстардан ақыл, сана, іліммен артық етіп жаратқан. Пенде өз ақылын дұрыс пайдалана білсе, әлбетте тура жолға бет бұрары анық.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.01.2018
4630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру