Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбекпен кездесті.
Ресми кездесуде қала басшысы Бауыржан Қыдырғалиұлы мен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мәдениет пен әдебиеттің, тарих пен тағылымның ордасы болған Алматыдағы конфессияралық татулық пен діни ахуалды нығайту жолындағы бірлескен жұмыстар жайлы әңгімелесті.
Әкім Б.Бәйбек Қазақстанның рухани саласындағы Алматының орны мен рөлін айрықша атап өтті. Қазақ Елінің тәуелсіздігі қасиетті шаһардан бастау алатынын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қалада орналасқан 50-ге жуық мешіттің жұмысы туралы баяндап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы кеңсе қызметінің рөліне тоқталып өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
08.01.2018
4667
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру