Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының қараша-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған тыңдаушы имамдарына “Халал стандарттау” пәні бойынша дәріс беріледі.
Оқу бағдарламасы бойынша іс-тәжірибе ретінде Халал сертификатын алған кәсіпорындарға саяхат жасалады. Осы орайда Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан “Алель Агро” құс фабрикасына ұйымдастырылды.
Аталмыш құс фабрикасы ҚМДБ Халал сертификатының стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізіп келеді. Тәулігіне 90 000 ға жуық тауықты “Бисмиллә, Аллаһу Әкбар” деп қолмен бауыздайтынын, одан ары қарай әрбір іс барысының қалай жүзеге асатынын бақылап, көкейдегі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып қайтты.
Бауыздауға жауапты етіп бекітілген халалтанушы Несіпбаев Нұрлан және Алматы қаласы бойынша жауапты өкіл Ержан Назарбек имамдарымызды фабриканың тыныс тіршілігімен таныстырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ қажылық және халал стандарттау бөлімі
25.12.2017
3544
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру