Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үш бірдей кәсіпорын халал сертификатын алды (ФОТО)

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 21.12.2017 3649 0 пікір
Үш бірдей кәсіпорын халал сертификатын алды (ФОТО)

Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оны ғаламның 122 мемлекетінде өмір сүретін 1,5 миллиард мұсылман тұтынады.

Бүгін Тараз шаһарында орналасқан ИП "НС", «Табуров А.Т.» ЖК бөдене жұмыртқасын шығаратын және «Куандыкова» ЖК «Халал-ет» дүкені өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын талаптарға сай деп танылып, ҚМДБ «Халал Даму» сертификатымен марапатталды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорындарға арнайы барып, жұмыс ахуалымен танысып қайтты.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер»,- деген. («Бақара» сүресі, 172-аят) Жаратқанның бұйрығына амал етуші осындай кәсіпорындар саны арта түссін дейміз.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру