Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz     20.12.2017 4614 0 пікір
ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Ержан қажы Малғажыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында Ержан қажы Малғажыұлына «Құрмет» орденін ресми табыстады.

Министр іс-шараға қатысқан діни және үкіметтік емес ұйым жетекшілерін, жастар бірлестіктері өкілдерін ел игілігі жолындағы қызметтеріне алғыс білдіріп, табыс тіледі.

Салтанатты шара кезінде «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Шамшәдин Керім де «Құрмет» орденімен марапатталды

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру