Бүгін Орталық Мешіттің алдындағы жаназа намазына жиналған жұртшылық алаштың ардақты анасы Бибәтіш Жүнісқызын Алланың құзырына қарай ақтық сапарға аттандырып салды.
Халифа Алтаймен 51 жыл отасқан Бибәтіш Жүнісқызы төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеп, соңында жас ұрпаққа өнеге, үлгі болатындай із қалдырды.
Қаралы жиынға келген қауымға наиб мүфти Алау Әділбаев ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың көңіл айту хатын оқып берді.
«Дін және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, жазушы Халифа Алтай атамыздың аяулы жары Бибәтіш Жүнісқызы анамыздың қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батып, қабырғамды қайыстырды. Қаза қайырлы болғай. Халифа Алтай атамыздың ағайын-жұрт, туған-туыстарына Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын», делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.
Жаназа намазын оқыған Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет ұлтымыздың ардақты анасы рухы шат, жаны жәннәтта болуын тілеп, дұға жасады.
Сүйегі Алматы маңындағы «Кеңсайға» қойылады. Еске саламыз, саналы ғұмырын асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға арнаған Халифа Алтайдың жұбайы 13 желтоқсанда өмірден озды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
15.12.2017
4641
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру