Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

“Алатау-құс” құс фабрикасының шұжығы Халал сертификаттаудан өтті

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі www.muftyat.kz     13.12.2017 6714 0 пікір
“Алатау-құс” құс фабрикасының шұжығы Халал сертификаттаудан өтті

Алматы қаласында «Алатау-құс» АҚ-ның құс фабрикасы шұжығы ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, “Халал” сертификатқа ие болды. Сертификатты  ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы арнайы табыстады.

Аталмыш кәсіпорын қызметі мен шұжық өнімдері толығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және 3:2016 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді. 

Бүгінде бұл компанияда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Нарыққа күнделікті 25-30 мың тауықты сойып, тазалап, дайындайды.

2010 жылы желтоқсан айында құрылған “Алатау-құс” шұжық цехы қазіргі уақытта  18 түрлі шұжық өнімдерін өндіруді қолға алып отыр. 

Сайт: www.akus.kz

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру