Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль хазрет Самигуллин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретке құттықтау хатын жолдады.
Қазақстандық мұсылман бауырларына, дін қызметкерлеріне өркендеу мен Алладан мейірім тілеген хатында:
«Құрметті Серікбай қажы Ораз! Жауапкершілігі мол діни қызметке тағайындалуыңыз, осы үмітті ақтай алатындығыңыздың айғағы. Жаратушыдан өзіңізге денсаулық, әділ шешім және Ислам діні үшін атқарылатын жоспарларыңыздың жүзеге асуын әрі әріптестеріңіздің ауызбіршілігін тілеймін!»,- деген Татарстан мұсылмандарының Бас мүфтиі Камил хазрет.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру