Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі Бас мүфтиге құттықтау хатын жіберді

www.muftyat.kz 11.12.2017 4751 0 пікір
Облыс әкімі Бас мүфтиге құттықтау хатын жіберді

 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлы мырзаны бас мүфти қызметіне сайлануымен құттықтап, хат жолдады. Облыс әкімі Бас мүфтидің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметін жаңа деңгейге көтеретіндігіне зор сенім артқан хатында:

«Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы! Сізді Қазақстанның Бас мүфтиі қызметіне сайлануыңызбен құттықтауды қабыл алыңыз. Бұл лауазымға жоғары кәсіби шеберлігіңіз, терең біліміңіз және әріптестеріңіздің зор қолдауының арқасында жетіп отырсыз. Еліміздің дін саласындағы ахуалды жақсарта отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметін жаңа деңгейге көтеретіндігіңізге зор сенім артамыз. Сіздің ерекше басшылық және ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз әрбір бастаған ісіңіздің сәтті жүзеге асатынына кепіл болады деп сенеміз. Сізге зор денсаулық, барлық жоспарларды табысты жүзеге асыруыңызды, ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметіңізде биік шыңдарға жетуіңізді тілеймін»,- деді.

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру