Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 2563 МЕШІТТІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 30.10.2017 5413 0 пікір
ҚМДБ: 2563 МЕШІТТІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті жиналысында Мешіт істері бөліміне республика бойынша 2563 мешіттің визуалды интерактивті картасының жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Бұл жоба Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әрбір ауыл, аудан, облыс, қалада орналасқан мешіттері туралы тез әрі оңай ақпарат алуға мүмкіндік жасайды. Осы жоба аясында тарихи маңызы бар көнеден келе жатқан діни оқу орындарымыз бен ғибадат үйлеріміз туралы мол мәлімет қоры жинақталуы тиіс. Жергілікті жамағаттан бөлек шетелден келген азаматтар да Қазақстан мешіттері туралы (атауы, тарихы, орналасқан мекен-жайы, сыйымдылығы, сәулеті, ерекшелігі, т.б.) толық ақпарат алуына мүмкіндік жасауымыз тиіс», – деп атап өтті ҚМДБ төраға орынбасары Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, 2500-ден астам құлшылық үйінің визуалды интерактивті картасын жыл соңына дейін толық әзірлеу жоспарлануда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру