Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ БІР (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі  www.muftyat.kz 23.10.2017 4792 0 пікір
ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ БІР (ФОТО+ВИДЕО)

Ташкент қаласында өткен «Ислам – татулық және өзара ықпалдастық діні» атты халықаралық конференцияда Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан Әлімов осылай деді.

ҚМДБ «Хикмет» телерадиостудиясының тілшісіне берген сұхбатында Османхан Әлімов: «Біздің жолымыз бір, Құранымыз бір. Қазақ пен өзбек – бір туған халық. Тырнақ пен етті бір-бірінен ажыратып болмайтыны секілді, біз бауыр халықпыз. Қазақстанның Бас мүфтиі бастап келген делегация Ташкенттегі халықаралық конференцияға қатысты. Бұл бізді үлкен қуанышқа бөледі. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рухани байланыс, барыс-келіс бұрын да жоғары деңгейде болып келген. Осылай бола да бермек. Бүгінгі байланыс одан әрі нығая түседі деген сенімдеміз», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан және Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағалары – Ержан қажы Малғажыұлы мен Оманхан Әлімов конференция аясында ортақ діни мәселелер төңірегінде пікір алмасқан болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру