Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджри Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлымен ресми кездесуінде осылай мәлімдеді.
«ИСЕСКО Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселерді қолдауға дайын. Сіздердің өтініштеріңізбен медресе кітапханаларын қажетті діни һәм ғылыми еңбектермен қамтамасыз етуге әзірміз. Сонымен қатар, медресе шәкірттері мен жалпы дін қызметкерлері арасында біліктілікті көтеру, тәжірибені шыңдау бағытында семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға толық дайынбыз», – деп атап өтті мәртебелі мейман.
Өз кезегінде Бас мүфти бұл ұсынысқа алғыс білдірді.
Реcми кездесуде Қазақстан мен ИСЕСКО-ның мәдениет, руханият саласы бойынша қарым-қатынастары, Ислам әлеміндегі мұсылмандардың бүгінгі ахуалы жан-жақты сөз болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
09.10.2017
5135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру