Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 14.09.2017 3991 0 пікір
ҚМДБ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қажылармен кездесуде мәлімдеді.

«Аллаға шүкір, биыл елімізден қажылыққа аттанған қандастарымыз толық отанымызға оралды. Барлығы дін аман. Науқастанып келген кейбір азаматтар жергілікті емханаларда емделіп жатыр. Биыл Қажылық миссиясымен барған дәрігерлер қажыларға медициналық көмек көрсетті. Отандық дәрілерлердің санын 3 есеге көбейттік. Елімізден 1 млн. теңгенің дәрі-дәрмектері Мекке мен Мәдина қалаларына жеткізіліп, науқастанып қалған отандастарымыз дер кезінде қажетті дәрілермен қамтамасыз етілді. Миссия өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып келді», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бауыржан Есмахан,  Дін істері комитетінінің бас маманы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Айта кетейік, отандастарымыз тікелей рейстермен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Мәдина мен Жидда шаһарына жеткен болатын. Биыл 2500 жерлесіміз қажылық парызын өтеп келді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру