Мекке шаһарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық миссиясының ұйымдастыруымен ұлық мейрам – құрбан айт айрықша тойланды.
Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дұғай сәлемі мен құттықтауын жеткізе келе: «Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын. Алла Тағала қажылықтарымызды қабыл етіп, елге аман-есен оралуымызды нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Айттан айтқа төрт көзіміз түгел, аман-есен жете берейік, ағайын!» – деп атап өтті.
«Tawaf travel»-дің нұсқаушы имамы Қасым Әшімов қажыларға викториналық сұрақтар қойып, игі іс-шараның сәні мен салтанатын арттыра түсті. Айт дастарханында ата-анасын қажылыққа алып келген азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, компания атынан сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ, берекелі жиынға қатысқан барлық қажыға арнайы сыйлықтар үлестірілді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
05.09.2017
3945
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру