Мекке қаласында қажылық парызын өтеп жүрген қазақстандық қажылар Елбасының ел игілігі жолындағы берекелі бастамалары мен игі жұмыстарына дұға жасап, Алладан амандық тіледі.
Қажылық миссиясының «Бір мезетте – бір тілек» атты дұға жасау іс-шарасына ақсақалдар, апа-әжелер, жалпы қазақстандық қажылар қатысты.
Шараға қатысқан Бекайдар қажы Әміре ақсақал: «Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық берсін. Халқымыздың ауызбіршілігі нығая түскей. Раббымыз Тәуелсіздігімізді баянды етсін. Алла Тағала асыл дініміздің абыройын асқақтатып, елімізде зәулім мешіттер мен медреселердің бой көтеруіне тікелей қолдау көрсетіп келе жатқан Елбасына, оның ел қамы үшін жасаған жұмыстарына жар болғай», – деп бата берді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
02.09.2017
4308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру