Астана қаласы мешіттері ұйымдастырған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы бүгін Астана-Қосшы тас жолындағы «Алтын таға» базарында қорытындыланып, құрбандық шалу рәсімі болып өтті.
Игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, арнайы құрбан шалдырды. Сондай-ақ, акция атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, сауапты шараның ойдағыдай өтуін қадағалауды тапсырды.
Бұдан кейін акцияға қатысушы жамағатпен жүздесіп, айттық дастарханында бас қосқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңыздылығына тоқтала кеткен дінбасы ұлық мерекенің мейірін жан-жағымызға жарқырата көрсетуге үндеді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
02.09.2017
4714
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру