Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МӘДИНА ШАҺАРЫНДА ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫ ӨТТІ (ФОТО)

www.muftyat.kz 25.08.2017 3992 0 пікір
МӘДИНА ШАҺАРЫНДА ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫ ӨТТІ (ФОТО)

 Ресми басқосуға Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев, Бас мүфти кеңесшісі Дәулет Әлиханов, Дін істері комитетінінің бас маманы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ «Tawaf travel» қажылық компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов, осы компанияның гид маманы Ербол Әбдуахит, «Астана» телеарнасының тілшісі Ришат Асқарбекұлы қатысты.

Жиналыста миссия жұмысының бағдарламасы мен жоспары талқыланып, ҚМДБ өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Қажыларға ҚМДБ бекіткен тақырыптар бойынша уағыз-насихат жүргізу, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру Бауыржан Әлиұлына, ақпарат тарату, ұйымдастыру шаралары Ағабек Қонарбайұлына, топ жетекшілерінің жұмысын қадағалау Дәулет Әлихановқа, дәрігерлердің жұмысын үйлестіру Руслан Ізбасаровқа жүктелді.

Жұмыс жоспары мен бекітілген мерзімге сай атқарылған іс-шаралардың есебі күн сайын таңертең сағат 9:00-де Қажылық миссиясының жетекшісіне берілетін болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру