Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ҚАЖЫЛАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.08.2017 5131 0 пікір
БАС МҮФТИ АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ҚАЖЫЛАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ (ФОТО)
 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада 400 қажыны ұлық сапарға шығарып салды.
 
Қажылармен кездесуде ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы: "Алла қаласа, 4-5 сағатта қасиетті Мəдина қаласына жетесіздер. Чартерлік рейс бізге көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге жағдай жасап отыр. Құрметті қажылар, ұлық сапардың əрбір сəтін ізгі, сауапты амалдармен өткізуге тырысыңыздар. Алла Тағала қажылықтарыңызды қабыл етсін. Əмин", - деп батасын берді. 
 
Айта кетейік, отандастарымыз тікелей рейстермен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Мәдина мен Жидда шаһарына ұшуда. Биыл 2500 жерлесіміз қажылық парызын өтейді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру