Ресейдің Еділ бойындағы Сарытау (Саратов) облысынан Алматыға қазақ тілін үйрену үшін бір айлық мерзімге төрт имам келді. Олар: Қайрат Ержанов, Сарытау облысы мүфтиінің кеңесшісі, Мұратқали Халиуллаұлы Бисенов, Рүстем Александрович Мұхитов, Идихуджа Ибрагимович Давлат
Қонақтарды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Әуезханұлы қабылдады. Сарытаулық имамдар әңгіме үстінде сол облыс тұрғындарының үштен біріне жуығы қандастарымыз екенін, олардың өз ана тілінен алыстап, әсіресе жастардың орыс қыздарына үйленіп, орыстанып бара жатқанын айтты. Оларға діни уағызды қазақ тілінде айту үшін өздерінің мұнда өз ұлтының тілін мүмкіндігінше қысқа мерзімде игеруді мақсат тұтып келгенін қаперге салды. Нұр Мүбәрак университетінде мүмкіндігінше қысқа мерзімді курста дәріс алмақ. Сарытаулық діндарлар алдағы кезде ҚМДБ-ның тарапынан қолдау-көмек күтетінін білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Алматы өкілдігі
20.07.2017
4843
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру