Науан хазірет орталық мешіті азан айтып жарысқан жандардың басын қосты. Бұл сайысқа Ақмола облысының барлық аудан-қалаларынан жиырмадан аса азаншы бақтарын сынады. Біләл сахабаның ізін жалғаған дарындар өздерінің әуезді үндерімен азанның қасиетті сөзін асқақтата орындап жатты. Мешіт құтты азанның әуенімен астасып бара жатқандай әсер қалдырады. Әділқазылар да әр азаншының мәнерлеп айту үрдісіне, қимыл-әрекетіне барынша назар аударды. Жүйріктер топ жарып, дара шықты. Соңғы сараптау қорытындысы бойынша бас жүлде Целиноградтық Асылтемір Қалкөзовке бұйырса, ал қалған екі орынды Сәми Курсбек (Астрахан ауданы) және Бауыржан Закиров (Ерейментау ауданы) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Көкшетау қаласының өкілдігі
06.07.2017
4788
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру