Насрулла Мубашшир ат-Тарази есімінен бүгінде көпшілігіміз бейхабармыз. „Нұр-Мүбарак„ университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза:„Ұлт көсемдерінің бірегейі Мұстафа Шоқай қара халықтың қамын жеп батыс елдерінде өмірін өткізсе, Насрулла Мубашшир ат-Тарази Кеңес үкіметінің атеистік саясатымен келіспей, қапасқа қамалып, қуғынға ұшырап, жырақта жүрсе де ел тәуелсіздігін Алладан тілеп, артынан том-том еңбектер қалдырған, араб, парсы елдеріндегі қазақтардың көсемі. Мысыр елінде ғылым жолында қызмет етіп, Египет университеттерінің шығыс тілдері мен әдебиеті білгірі болған ғалымның қолжазба еңбектері өте көп„,-деп таныстырды Алматыдағы Ұлттық мұрағатта өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарда сөйлеген сөзінде.
Араб дерекөздері бойынша „Түркістан: өткені мен бүгіні„ Орта Азия мен Қазақстан тарихын қамтыған кітап пен „Тараздық тұлға. Насрулла Ат-Тарази„ атты кіаптардың тұсауы кесілген шарада ел руханиятына қатысты көптеген құнды мәліметтер айтылды. Араб тілінен аударған PhD докторы Ықтияр Палтөренің қомақты бұл құнды еңбегінің беташарында: „Имам әл-Бухари, имам әт-Тирмизи, имам Муслим, Ибн Сина, әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Қашқаридың елі туралы сіз не білесіз?„ деген сөздерді оқуға болады. Яғни тарихта Түркістан деген атпен белгілі (Орта Азия мен Қазақстан) аймағының географилық ерекшеліктері, Кеңес үкіметіне дейінгі ахуалы, ислам дінінің насихатталуынан бастап Кеңес үкіметі құлап, тәуелсіз елдер ретінде танылғанға дейінгі тарихы жалпыға түсінікті тілмен баяндалған. Нақты мәліметтермен беріліп, тарихқа қатысты мәселелер шынайы құжаттар мен фотосуреттерге негізделген. Бір сөзбен айтқанда ғұламаның қазақ халқына, тұтастай Түркістан өлкесіне қатысты баға жетпес тартуы. Насрулла ат-Тарази:„Бұл кітап арқылы Түркістан халқы өз елінің шынайы тарихы ислам дінімен әрі оның ұлы негіздерімен біте қайнасып жатқандығына куә бола алады. Сондай-ақ олар өз Отанының ислам өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан ислам әлеміндегі ұлы тұлғалардың кіндік қаны тамған қасиетті, киелі жер екендігін таниды„-деп жазады.
Халықаралық шараға қатысушылар қолжазба деректермен жұмыс жасау, аударма ісі, мұрағат қоры жайлы жан-жақты пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризалықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ
"Нұр-Мүбарак" университеті
05.07.2017
5163
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру