Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында жаңа мешіттің ашылуына қатысты.
Ержан қажы Малғажыұлы мешіттің ашылу рәсімде жамағатқа уағыз айтты. Бас мүфти халықты құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, мешіт салып, жастарды имандылыққа баулудың сансыз сауабына тоқталды.
«Алланың қалауымен, елімізде зәулім мешіттер салынуда. Пайдалануға берілгелі тұрған бұл мешіт те жақсылықтың жаршысына, адамгершілік пен ізеттіліктің рухани ордасына айналсын. Іші жамағатқа толып, ынтымағымыз, ауызбіршілігіміз нығая берсін. Жаңа мешіт құтты да қайырлы болсын!»,-деді Бас мүфти.
Сөз соңында Ержан қажы Малғажыұлы жаңа мешітке қасиетті Құран аяттары жазылған сыйлық тарту етті.
Жаңадан салынған мешіт құрылысы 2016 жылдың 20 сәуірінде басталып, 2017 жылы маусым айында аяқталды. Құлшылық мекенінде бір мезетте 250 адам парыз ғибадаттарын жасай алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
01.07.2017
7291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру