Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Иман" журналы шығармашылық бәйге жариялайды (Бас жүлде - кіші қажылық)

"Иман" журналы 01.07.2017 10533 14 пікір
"Иман" журналы шығармашылық бәйге жариялайды (Бас жүлде - кіші қажылық)
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-сының төл басылымы «Иман» журналы "Қайырымдылыққа қалай қарайсың?" тақырыбында ғибраттық-танымдық шағын әңгімелерге шығармашылық бәйге жариялайды.

Жаһандану заманында адамдардың бір-біріне деген қадір-құрметі кеміп, мейірімі азайған кезде қайырымдылықтың алар орны ерекше. Қайырымдылық халқымыздың қанында болғандықтан оны қашанда қастерлі санап, ұрпағын ізгілік пен бауырмалдыққа баулыған.

Әдебиет – ардың ісі. Тіл мен әдебиет ұлттың руханиятын байытуға қызмет етуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сөзде сиқыр бар», - деп сөз өнерін ерекше бағалаған. Кезінде Би ағаң (Бейімбет Майлин) секілді шағын әңгіме жазудың шебері өз заманының шындық-болмысын көркемсөзбен төгілте суреттеген. Бүгінгі күннің көпке ой салар, үлгі етер ғибратты шындығы да қолына қалам ұстағандардың әңгіме желісіне арқау болып жатса құба-құп. Мақсат – ұлтымыздың табиғатындағы осы игі қасиетті оқырман жүрегіне жеткізу арқылы оның өріс алуына атсалысу. Осы бәйгенің талабы да мұсылман өміріндегі ең құнды, ардақ тұтар ізгілік пен қайырымдылық шығарма өзегіне айналуы тиіс.

Бәйгеге жіберілетін әңгімелер көлемі – 3-4 беттен (компьютермен терілген, 14-қаріп (Times New Roman) аспауы тиіс. Бізге жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған (әлеуметтік желілерде де) және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды bayge2017@gmail.com электронды поштамызға жолдай аласыздар. Шығармалар 2017 жылдың қазан айының 1-не дейін қабылданады. Қоржынымызға түскен әңгімелер қазылар сүзгісінен өтіп, тиісті жүлделері табысталады.

 

Бәйге жүлделері:
Бірінші  орын умра қажылығы;
Екінші  орын 150 000 теңге;
Үшінші  орын 100 000 теңге;
Ынталандыру  сыйлықтары 50 000 теңгеден үшеу.
 

Пікірлер (14)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Асия Рышкен | 01.07.2017 03:45

Әс сәляму әлейкум. Осындай жарыстар ұйымдастырып жатқандарыңыз үшін Алла разы болсын. Тек білгім келгені - алдынғы жарыстың қорытындысы не болды? "Ислам және әйел" тақырыбында мақалалар жарысын ұйымдастырып едіңіздер ғой. Осы сайтқа қорытындысы шығады деп едіңіздер. Жауабын күтемін.

Нурмаганбетова Кания | 23.08.2017 04:28

Сəлеметсіздер ма? Білгім келгені. Сіздерде жарияланған алдынғы жарыстын қорытындысы қашан шығады екен. "Ислам жəне əйел" такырыбындағы.

Оңалбек Жанат | 29.09.2017 09:05

Сәлеметсіздерме мен осы электрон поштам арқылы сіздерге қайырымдылық тақырыбындағы мақаламды жіберген едім сіздерге жетпедіме деп ойлап жатырмын...  

Рахат Есенгелди | 04.10.2017 04:44

Ассалаумагалейкум уа рахметуллахи уа баракатух! Осындай шығармашылық жарыстар ұйымдастырып жатқандарыңызға Алла разы болсын."Қайырымдылыққа қалай қарайсың" шығармасының қорытындысы қашан жария болады?Қай жерден көруге болады? Алла разы болсын!!! 

Bekzat Bagdatuli | 09.10.2017 05:50

Ассалау магалейкум!Алла разы болсын сіздерге!!! Қайырымдылықа қалай қарайсың шығармасының қорытындысы қашан жария болады? 

Мақсат Жұмабайұлы | 14.10.2017 10:25

Ассалямуалейкум!шығарма қорытындысы қашан анықталады? Қайырымдылыққа қалай қарайсың?-деген!

Токтасынова Асель | 18.10.2017 09:00

Ассаламу'аьалейкум уа рахматуллах! Осындай тарбиелик мани бар шыгарма уйымдастырып туратындарынызга Аллах разы болсын иншааллах! "Кайырымдылыкка калай карайсыз?" атты шыгарманын корытынды жауабы кай уакыт аралыгында шыгатынын билуге болады ма?! 

janabil | 26.10.2017 10:51

Ассалаумағалайкум. Қайырымдылыққа қалайқарайсыз атты шығарманың қортындысы қай сайытта,қашан шығады?

Токтасынова Асель | 26.10.2017 11:09

muftyat,ассаламу'аьалейкум уа рахматуллах!! Шыгарма корытындысы шыктыма жане корытындыны калай кайдан коруге болатынын айтасыздарма! Алдын ала ракмет! 

Мади | 27.10.2017 01:25

muftyat, ассалаумағалейкум, сонда жүлделі орын алған адамдар өздері біледі ме ұтқанын, əлде ешкімге əлі хабарласпай ертең бірақ жариялайсыздар ма?

Мади | 27.10.2017 02:09

muftyat, қандай өкінішті! Жақсы хабар күтіп отыр едік мүмкін жеңімпаз болармыз деп. Үмітіміз су сепкендей басылып қалды. Ұтқандарға жеңіс қайырлы болсын!

Токтасынова Асель | 27.10.2017 10:58

Шынында канша уакыт умиттенип уаймдап жур едик... Ынталандыру сыйлыгына тым болмаса илинемизбе деп, иншааллах мойыманыз бул дуние де буйырмаганды ол дуние де 2 еселеп буйырары бар шыгар, мунында бир хайыры бар болар.. 

Мади | 28.10.2017 08:47

Құрметті муфтият, бəйгені ұтып алған жеңімпаздардың шығармаларын жариялауыңызды өтінемін. Соншама адам боп күттік нəтижені, жеңімпаздың жұмысымен бізді таныстырсаңыздар екен. Оқып біз де əсер алайық. Тек жабулы қазан күйінде қалып қоймасыншы.

Гулнар Кабдрахманова | 31.10.2017 06:39

Ассалаумағалейкум! Басқа діни сайттарда шығарма қорытындысын бірден шығаратын. Қатысқан адамдардың шығарма тізбесін неге шығармайсыздар, ел болып барлығымыз оқи алатындай. Бізде үміткердің бірі болып қалармыз деп бар күшімізді салып қатысқан едік.... Жеңімпаздардың шығармаларын сайт бетіне шығарсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді..

Осындай бәйгелер ұйымдастыра беріңіздер ӘДІЛ түрде.