Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 24.06.2017 4561 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда ауызашар берді.

Ауызашар дастарханынан қала әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы және қоғам, өнер қайраткерлері, танымал азаматтар, қарттар үйі мен балалар үйінен арнайы шақырылған құрметті қонақтар келіп дәм татты.

Ауызашарда Рамазан айы туралы уағыз насихат айтылып, құран оқылды. Дастархан мәзіріне шақырылған жамағатты құттықтап, сөз сөйлеген  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қоғамдағы діни құндылықтар жайлы  тағылымды әңгіме өрбітті. Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз тату-тәтті өмір сүріп, руханиятымыз дамып келе жатқанын айтты.

«Елбасымыз «рухани жаңғыру» туралы айтқан болатын. Осы бағытта дін қызметкерлері дін мен дәстүрді сабақтастырып, ұлтымыздың кешегі бар болмысымен, жан дүниесімен қабылдаған Ислам дінінің қалыптасқан үлгісін насихаттап, ұрпаққа жеткізу жолында жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – дініміз бен салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылық пен салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу, рухани бірлікке баулу. Баршамыздың қасиетті Рамазан айындағы ізгі тілектеріміз бен амалдарымыз қабыл болсын», – деді Бас мүфти.

Кезекті сөз алған қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Елубай жастарға тәлім-тәрбие берудегі дін мен дәстүрдің рөлі жайлы пікірін білдірді.

«Бабаларымыз ғасырлар бойы Ислам дінінің жолымен жүрген. Халқымыз өзінің ұлттық дәстүрімен Ислам дінін қабаттастыра дамытқан. Қазақтың шариғатқа негізделген дәстүрі бар. Осы тұрғыдан айтқанда, дін мен дәстүрді насихаттау – баршамызға ортақ игі іс. Бұл іске бастама болған Бас мүфтидің қолға алған ісі баршамызды қуантты. Бұл туралы пікірімді «Дін мен дәстүр» кітабының алғашқы томы жарық көргенде айтып едік. Енді міне екінші кітабы жақыр көріп отыр. Бұл рухани жаңғыруға бастайтын еңбек», – Смағұл Елубай.

Шара соңында Бас мүфтидің бастамасымен шыққан «Дін мен дәстүр ІІ» кітабының тұсаукесер рәсімі болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру