Аулие-ата Гакку Кус» құс фабрикасына Халал стандарт енгізіліп, ҚМДБ-ның сертификатына ие болды. Сертификатты Жамбыл облысының өкіл имамы, «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев арнайы табыстады. Аталмыш кәсіпорынның қызметі мен өнімдері 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы» Халал стандарт және 1:2015 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша қадағаланып, тексерісттен сәтті өтіп шықты.
Айта кетсек, Жамбыл өңірі еліміз бойынша Халал шұжық өнімдерін өндіруден алдыңғы қатарға шыққандығы бәрімізге мәлім. Осыны ескере келе шұжық өндіретін кәсіпорындар «Әулие-ата Феникс» құс фабрикасымен тығыз байланыста жұмыс атқаратын болады. Сонымен қатар аталмыш құс фабрикасы ұжымына ҚМДБ өкілінің «Халал және Харам» тақырыбында оқыту жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Кәсіпорынмен байланысу үшін сілтемеге өтіңіз!
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ “Халал" бөлімі
www.muftyat.kz
09.06.2017
6398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру